2022 жылдың 25 мамырында «КВАНСОН» Қазақ-Корей колледжінде студенттер топтарымен «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Мокина Алена Александровна – Өскемен қаласы ІІБ әйелдердің құқықтарын зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


