Осы тамаша әйелдер мерекесіне біздің қыздар жас жігіттерге бәрін де істей алатындықтарын дәлелдеуге шешім қабылдады және бәрімізді «Сәнді марафон» колледж модельдерінің керемет байқау-көрсетіліміне шақырды. Бірінші турда қыздар «Заманауи Колледж формасын» көрсетті. Бұл байқауда қазылар алқасы заманауи студенттік стильде орындалған коллекцияларды ескереді. 2 турда біздің сайыскерлер тақырыпқа дефиле көрсетті: Бірінші курс үшін:
— «Сиқырлы өзгерістер» (дәстүрлі емес материалдар мен технологияларды қолдану).
Екінші курс үшін:
— «Сән және менің мамандығым» (кәсіби киімге шығармашылық көзқарас).
Келесі 3 тур «Кешкі костюм» деп аталды, онда әр қатысушы кешкі сәнді киімнің қызықты нұсқасын ұсынды.
Сондай-ақ концерт бағдарламасында әндер, билер, театрландырылған көріністер болды.