18 сәуірде Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері А.Е.Акзамбеков пен А.С.Капаев студенттермен төтенше жағдайлар және олармен күрес шаралары туралы әңгімелесті.
Төтенше жағдайлар (жер сілкінісі, өрт және басқа да табиғи және техногендік жағдайлар) туындаған кезде өз өмірі мен денсаулығын қорғау, айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай іс-әрекеттер жасау керектігін білу қажет.