«Квансон» Казақстан-Корей колледжінде студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылық, адалдық, адамгершілік сынды құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 2 дүркін Қазақстан барысы, 3 дүркін Әлем барысы, 4 дүркін Азия және Әлем чемпионы, облыстық мәслихаттың депутаты — Айбек Нұғымаровпен «Адалдық сағаты» өткізілді.



