2022 жылғы 7 желтоқсанда колледждің үздік еріктілері облыс колледждерінің еріктілер қозғалысы арасында «Біргеміз» — «Мы вместе» еріктілер слетіне қатысты. Слеттің тәжірибелік бөлігінде әртүрлі бағыттар бойынша 2 алаң жұмыс істеді.
Ерікті — студенттер тренингтерге, ойындарға белсенді қатысты, онда олар волонтерлік қызметтің тәжірибелік дағдыларын үйренді.
Барлық тренингтер, экскурсиялар қызықты өтті, еріктілерге сүйіспеншілік пен мейірімділік сіңірілді. Іс-шараның қорытынды бөлімінде үздік еріктілер жасағы алғыс хаттармен марапатталды.



