20 қазанда колледжде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Ч.Мурзагалиева және кітапханашы Ф.Е.Курмангалиева Республика күніне арналған «Егемен елім – менің!» тақырып бойынша викторина өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты: студенттердің бойында патриотизм сезімін қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Викторинаға 1 курс студенттері қатысты. Викторина екі турдан тұрды, «Бәйге» атты 1-ші турда студенттер берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысты , ал «Сөзжасам» 2-ші турында «Қазақстан» сөзінің әріптерінен сөздер құрастырды.