23-24 қарашада психолог-оқытушысы Мурзагалиева Г.Ч. 2 курс студенттеріне «Қауіпсіздік дәлізі» суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша тренинг элементтерімен сабақ өткізді. Тренингтің мақсаты: студенттерге суицидтің себептері туралы ақпарат беру, проблемаларды шешу тәсілі ретінде суицидке теріс көзқарасты қалыптастыру, өз құрбыластарының суицидтік мінез-құлық белгілерін тануға үйрету, өзіне сенімділік пен позитивті көзқарасты қалыптастыру. Өмірдегі қиындықтарды жеңуге деген көзқарас.


