Бірінші және екінші курс топтарында жарты жылдықты қорытындылау бойынша топ жиналыстары өтті.
Топ әкімдері, кураторлар, өзін-өзі басқару кеңестерінің жетекшілері өз топтарының алдында жарты жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп дайындап, таныстырды.
Сондай-ақ, жиналыста оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған міндеттер анықталды.
22-1 топ әкімі Пащенко Станислав пен 22-2 топ әкімі Дулатова Альфияның дайындығын ерекше атап айтқым келеді.



