2021 жылдың 28 қыркүйегінде Оралхан Бөкей атындағы Өскемен орталық кітапханасының қызметкерлері «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінде «Барымыз да, бағымыз да-Тәуелсіздік!» атты панорамалық мобильді көрменің ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды және Қазақстан Тәуелсіздігі жылнамасының жарқын беттерін суреттейтін жеңіл жылжымалы конструкциялардағы баннерлік суреттер форматында ұсынылған тақырыптық, көрнекі ақпараттың үлкен көлемін қамтыды. Еліміздің халықаралық, экономикалық, әлеуметтік, ғарыштық, спорттық және мәдени жетістіктері мен оның адамдары туралы ақпаратты қамтитын оннан астам көркем-иллюстрациялық ірі форматтағы постерлер біздің колледж студенттерінің назарын аударды. Көрме өткен күн Оралхан Бөкейдің туған күнімен тұспа-тұс келді.