«КВАНСОН» Қазақстан-Корей колледжі

Ұстаздар ұлы тұлғалар…

1 қазан күні «Квансон» ҚКК салтанатты және мерекелік түрде басталды, өйткені бұл күні студенттер өздерінің сүйікті ұстаздарын Мұғалімдер Күнімен және кәсіптік-техникалық білім күнімен құттықтады. Колледж теледидарының экранынан студенттер колледж ардагерлерінің бейне сұхбатын тамашалады, кіреберісте барлық мұғалімдерді, шеберлерді және колледж қызметкерлерін гүлдермен қарсы алды. Бұл күні Өзін-өзі басқару күні аясында жоғары курс студенттері бірінші және екінші курс топтарында сабақ өткізді. Сабақтан кейін кәсіби – техникалық білім күніне және Мұғалімдер күніне арналған онлайн-концерт өтті. Әкімшілік 19 MПO TM тобына және топ кураторына іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.