Бүгін республика бойынша барлық білім алушылар үшін жаңа оқу жылының басталғаны туралы қоңырау соғылады. Бұл бірінші курс студенттерінің өміріндегі маңызды сәт. Бұл олардың «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің студенттері ретіндегі алғашқы білім күні, мамандықты меңгеру жолындағы алғашқы қадамдары. Білім күні «Квансон» Қазақстан — Корей колледжінде «Сәлем колледж, мамандықтар мекені!» атты салтанатты жиыннан басталды. Салтанатты жиында сөз сөйлеген құрылымдық бөлімшелердің басшылары, оқытушылар өз құттықтауларында 1 курс студенттері, біздің көптеген түлектеріміз сияқты жақсы білім алу үшін бар күш-жігерлерін жұмсап, тамаша кәсіби қабілеттерін көрсетеді және мамандық әлеміне батыл қадам басады деп үміттенетіндерін айтты.
Биылғы жылы біздің колледжімізге түскен студенттердің 60% — дан астамы жақсы бағаларға ие, орта мектептердің үш түлегі ерекше үлгідегі аттестаттарға ие, оқуға түскендердің арасында ЕЛБАСЫ медалінің иегері бар екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ студенттерді ата-аналары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымның Президенті және білім министрі құттықтады. Ал бірінші курс студенттері өз кезегінде жауап сөзін сөйледі.
Бірінші, екінші және үшінші курстың барлық топтарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері» атты бірыңғай бейнесабақ өтті.
Бірінші курс студенттеріне арнайы әзірленген нұсқаулық-жолсілтеме, «Квансон» атаулы қаламы және дәптерлері бар сыйлық пакеттері берілді.
Қайырлы жол, қымбатты студенттер!