«КВАНСОН» Қазақстан-Корей колледжі

Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар

1 наурызда 1 және 2 курс студенттері Достық үйі қоғамдық келісім орталығына, Алғыс айту күніне орай мерекелік концерт, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қойылымдары мен этностар туралы тақырыптық көрмеге барды.
Студенттер қойылымды қызығушылықпен тамашалады, этномәдени топтардың шығармашылығына тәнті болды.
Бұл күні колледж қызметкерлері мен оқытушылары қайырымдылық театр кешіне қатысты, одан түскен қаражат церебральды сал ауруы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жұмсалды.
Колледж қызметкерлері симфониялық оркестрдің өнерін тыңдауға, арт – картиналар көрмесінің көрермені болуға, Ұ.Қарыпбаевтың қойылымындағы спектакльді тамашалауға, театрдың таңғажайып әртістерімен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Имамбаевамен кездесуге мүмкіндік алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.