«КВАНСОН» Қазақстан-Корей колледжі

«Кітапхана-табыс аумағы» акциясы. Кітапхананың ашық есік күні

Колледж кітапханасының миссиясы: ұжымның барлық мүшелеріне оқу бағдарламаларын, кітаптарды және басқа да ақпараттық ресурстарды ұсыну, осылайша пайдаланушыларды сыни ойлауды дамытуға және ақпараттың барлық түрлерін тиімді пайдалануға ынталандыру.    Жыл сайын қыркүйек айының басында бірінші курс студенттері үшін кітапхананың ашық есік күні ұйымдастырылады. Кітапханашы Ф. Е. Құрманғалиева 23-1-топтың бірінші курс студенттеріне колледж студенттері мен оқытушыларының өзіндік жұмысы үшін оқу залында 5 компьютер орнатылғанын және дербес компьютерлерде жұмыс істеуге арналған орындар жабдықталғанын айтты. Студенттердің өз бетінше жұмыс істеуге, электрондық оқу материалдары мен интернет желісінің ресурстарын пайдалануға мүмкіндігі бар. Кітапхана проектор, сканер, принтермен қамтамасыз етілген. Оқу залында тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылады. Кітапханада сынып сағаттары мен бұқаралық іс-шаралары өткізіледі. Кітап жаңалықтарымен танысып, тақырыптық әдебиеттер туралы кітапхананың демонстрациялық сөрелерінен білуге болады.      Кітапхана дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер, конференциялар, конкурстар, радио әңгімелесулер өткізіледі. Өткізілген іс-шаралар бойынша материалдар «Квансон» сайтында орналастырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.