Толеранттылық, достық және бір-біріне құрмет сезімін тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 25 сәуірде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған плакаттар байқауы өткізілді.
Бірінші және екінші курстардың барлық топтары өздерінің тақырыптық плакаттарын ұсынды. Плакат материалдары таңдалған тақырыпқа сәйкес келді, қол жетімді және қызықты түрде ұсынылды.