«КВАНСОН» Қазақстан-Корей колледжі

«Мен 202…. жылы оқыған ең қызықты кітап» Бук-слэм (BOOK SLam)

23.01.2024 жылы «Оқу колледжі»  жоспарына сәйкес «Мен 202… жылы оқыған ең қызықты кітап» Бук-слэм ұйымдастырылды.
Бук-Слэм (BOOK Slam) – бұл таңдалған кітапты жақсы насихаттауға арналған кітап жарысы. Іс-шараның бәсекелестік рухы кітап алуға, қайта оқуға деген ұмтылысты оятады. Қысқа уақыт ішінде оқылған  кітап туралы әсер қалдыру маңызды, тыңдаушылардың назарын аудару және оларды қызықтыру. 1курс студенттері кітапты насихаттаудың жаңа түріне үлкен қызығушылықпен қатысты.
Іс-шараның критерийлері : 
– Презентацияның безендірілуі.
– Қатысушылардың оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнын баяндай білуі (3 мин).
– Қатысушылардың жеке және кәсіби дамудағы кітаптардың рөлі туралы айта білу.
 Қазылар алқасы: 
– ОТЖ бойынша директордың орынбасары- Гильдибрандт И.В. 
–  Химия пәнінің оқытушысы- Мұратова А.М.
–  Кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі менеджер-Изгутинова Г.С.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.