15 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында біздің колледждің оқытушысы Айдос Әділбекұлы Әділбеков «Халық алғысы» медалімен марапатталды. «Халық алғысы» медалімен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады. Медаль осы қиын уақытта тынымсыз еңбек еткендерге арналады. Бұл Айдос Әділбекұлының бірінші мемлекеттік марапаты. Бұл марапат – үлкен қажырлы еңбектің нәтижесі мен бағасы, халық игілігі үшін баға жетпес үлесі, белсенді азаматтық ұстаным мен кәсібиліктің көрінісі. Біздің ұжым мен студенттер Айдос Әділбекұлын жоғары марапатпен шын жүректен құттықтайды!! Оған одан әрі табыстар мен жетістіктер, мықты денсаулық, жақын адамдардан қолдау, болашаққа деген сенім тілейді! Және бұл марапат соңғы емес болсын. Біз сізді мақтан тұтамыз!!