2011 жылдан бастап Қазақстанда «Ұлттық ғашықтар күні» атап өтіледі. Бұрын ақпан айында аталып өтіп жүрген халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде мерекені ұйымдастырушылар Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі 15 сәуір күнді белгіледі. 13-14 ғасырлардағы қазақ эпосы бір-біріне қосыла алмаған ғашық жас жігіт пен қыздың қайғылы махаббатын жырлайды. Ғашықтар күніне орай 15 сәуір күні А.С.Пушкин атындағы кітапханада іс-шара өткізілді. Оған біздің студенттер шақырылды. «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің бірінші курс студентері оған қуана қатысты. Біз үшін барлық залдар бойынша экскурсия ұйымдастырылды, клубтар мен үйірмелердің жұмысы туралы айтылды, викторина өткізілді, оның қорытындысы бойынша біздің үш студентке: Мейірбаева Найле, Ордина Диана және Вальтер Янаға тіл курстарына, бағдарламалау, 3D принтерде жұмыс істеу, 3D-модельдеу курстарына тегін қатысуға құқық беретін оқырман билетін алу сертификаттары берілді. Кездесу студенттердің өздері жасаған ұлттық киімдердегі қыздардың дефилесімен аяқталды. Кітапхана қызметкерлері біздің колледжге барып, ашық іс-шара өткізуге шақыру алды.