Ағымдағы жылдың 12 қарашасында «Квансон» ҚКК медбикесі Раиса Оспановна Каспакова коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша 1 курс студенттеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге қауіпсіздік шараларын сақтау және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу қажеттілігі түсіндірілді. Коронавирусқа қарсы вакцинацияның негізгі мақсаты- адамды COVID-19 инфекциясына төзімді ету үшін, иммундық реакцияны қалыптастыру. Вакцинация-инфекцияны болдырмаудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Егер біз вакцинацияланған болсақ, біз өзімізді ғана емес, жақындарымызды да қорғаймыз.


