Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен — әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Өйткені, олар арқылы біздің Отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады, сондай-ақ, ар-намыс, ар-ождан, ел үшін жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтар.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар аясында колледжде «Бірлік пен жасампаздық рәміздері» бірыңғай сынып сағаты өтті. Бірінші курс студенттері «Әнуранды орында –Спой гимн» эстафетасына қатысты, барлық топтардың мәдениет Кеңестері қатысқан қызықты, шығармашылық іс-шара «ҚР Мемлекеттік рәміздері аясындағы үздік селфи» байқауы болды. Зияткерлік викториналар, мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихын білуге арналған конкурстар студенттерге осы бағыттағы білімді қалпына келтіруге және байытуға көмектесті.






