«КВАНСОН» Қазақстан-Корей колледжі

Еске алу күні

2022 жылғы 06 мамырда «Квансон»  Қазақстан-Корей колледжінде студенттер үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Саналы ұрпақ»  жобасы шеңберінде кураторлық сағаттар өткізілді. Іс-шараға А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері шақырылды. Шығыс Қазақстан облысы жазушыларының әскери тақырыптағы кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды. ҰОС батырларына, жерлестерімізге арналған презентация көрсетілді. Сонымен қатар, студенттерге Ұлы Отан соғысының батыры, белгілі Партизан, Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Қасым Қайсенов туралы фильм көрсетілді. Іс-шара «Парасаттылық сағаты», «Еске алу сағаты», «Алғыс сағаты» деп аталды. Студенттер іс-шара тақырыбы бойынша барлық сұрақтарға белсенді жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.