«КВАНСОН» Қазақстан-Корей колледжі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Өйткені, олар арқылы біздің Отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады, сондай-ақ, ар-намыс, ар-ождан, ел үшін жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтар.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар аясында колледжде «Бірлік пен жасампаздық рәміздері» бірыңғай сынып сағаты өтті. Бірінші курс студенттері «Әнуранды орында –Спой гимн» эстафетасына қатысты, барлық топтардың мәдениет Кеңестері қатысқан қызықты, шығармашылық іс-шара «ҚР Мемлекеттік рәміздері аясындағы үздік селфи» байқауы болды. Зияткерлік викториналар, мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихын білуге арналған конкурстар студенттерге осы бағыттағы білімді қалпына келтіруге және байытуға көмектесті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.