Search
Close this search box.

Казахстанско - Корейский колледж «КВАНСОН»

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

  1. Тегі, аты, әкесінің аты: Журенко Александр Васильевич
  2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: «Квансон Қазақстан –Корей колледж» мекемесінің  директоры
  3. Білімі: жоғары, «Өскемен жол құрылыс институты» -1983ж., «Кәсіптік-техникалық  Қарағанды индустриялық-педагогикалық техникумы» — 1974ж.
  4. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогика ғылымдарының кандидаты
  5. Қазақстан  Республикасы  қандай  мемлекеттік  наградаларымен марапатталғаны  және  марапаттау күні: Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері.
  6. Жалпы жұмыс өтілі: 53 жыл
  7. Саладағы жұмыс өтілі: 48 жыл
  8.  Осы жұмыс ұжымында жұмыс тәжірибесі: 9 жыл
  9. Марапатталушының нақты айырықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездемесі:

Жүренко Александр Васильевич еңбек жолын 1974 жылы Шемонаиха ауданында № 143 ГПТУ өндірістік оқыту шебері ретінде техникалық және кәсіптік білім беру саласында бастады.

2004 жылы №71 орта қалалық кәсіби –техникалық училищесінде  оқу және өндіріс жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1991 жылы  ауыстыру  ретінде   №2 орта кәсіптік   мектептің  директоры болып қабылданды. №2 кәсіптік техникалық мектебін, №2кәсіби мектебіне содан № 2  кәсіптік лицейіне бірнеше рет қайта атаумен, 2012 жылға дейін директор қызметін атқарады.

Осы кезеңде 5жыл бойы  «Индивидтің дамуы» атты тақырыбына Республикалық  эксперименттік алаңын  басқарды, сонымен қатар, оқу үрдісін  ұйымдастыруда «Норвегиялық кәсіптік оқытуды ұйымдастыру әдісі» енгізілді.

1995 жылдан 2007 жылға дейін – кәсіптік мектептер директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2007 жылдан 2010 жылға дейін КжТБ оқу орындарының  директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2012 жылы қыркүйек айында «ШҚО кадрларды дайындау және  техникалық –кәсіптік білім беру орталығының» ҚМБ директоры болып тағайындалды. КжТБ орталығында бір жыл жұмыс істегеннен кейін «Технологиялық сервис колледжі» мекемесінің бас директоры болып тағайындалды, ал 2014 жылы мекемені қайта құру арқылы «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің директоры.

Қазіргі уақытта  колледжді дамыту бойынша белседі жұмыстар жүргізуде.

1987 ж. «Кәсіптік білім беру жүйесінде ұзақ және жемісті жұмысы үшін» кәсіптік –техникалық  облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Александр Васильевич — дана және тәжірибелі, ғылым және  оқытушы «Квансон» колледжің  барлық бағыттар бойынша  оқу мекемесінің  жұмысын ұйымдастырады. Оның басты артықшылығы — қызметкерлерді сапалы деңгейде оқыту және  кәсіби даярлау. Қызметкерлер мен студенттерге үлгі болып табылады.

А.В.Журенконың кандидатурасы ККК «Квансон» педагогикалық кеңесінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №9 хаттамасымен талқыланып «Еңбек ардагері медалімен»  марапаттауға ұсынылады.    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.