«КВАНСОН» Қазақстан-Корей колледжі

Қала кәсіпорындарымен танысу арқылы жұмысшы мамандықтарды танымал ету

2021 жылдың 4 желтоқсанында Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында жұмысшы жастар арасында «Қайратты жастар 2021» облыстық  дәстүрлі байқауы өтті.Конкурсқа жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және өңірде шығармашыл жұмысшы жастарды дамыту мақсатында қала және облыс кәсіпорындары қатысты. Іс-шара біздің колледж студенттеріне ұмытылмас әсер қалдырды.Байқау студенттерге жұмысшы жастардың өз қабілеттерін қалай жүзеге асыратынын көруге мүмкіндік берді, қызықты шығармашылық байқаулар мен спорттық іс-шаралардың куәгерлері болды, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу және кәсіби өсу мақсатында олар әрбір кәсіпорынмен егжей-тегжейлі танысып, өз таңдауын жасады.Байқауда  «КрылатыеТитаны» ӨТМК АҚ командасы жеңіске жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.