2022 жылдың 18 мамырында «КВАНСОН» Қазақ-Корей колледжінде студенттер топтарымен республикалық референдум мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, референдум әрбір азаматтың ел тағдырын шешуге тікелей қатысуына мүмкіндік беріп, жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады деген ой айтылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат айтылды.



